Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда бала тууына байланысты қанша жәрдемақы берілді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 21 қараша, 2025 | 09:43
2 минут - оқу уақыты

Қазақстанда бала тууына байланысты қанша жәрдемақы берілді

Жәрдемақы бала туу және 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтіміне беріледі

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

 Биыл 508 мың қазақстандық бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақы алды. Аталған жәрдемақыныға республикалық бюджеттен 692 млрд теңге бөлінді.

Еңбек министрлігінің ақпаратына сәйкес, биыл бала туғанда берілетін жәрдемақыны 51,7 млрд теңге сомаға 286 мың адам алған. Бұл жәрдемақыны бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер ала алады.

«Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалары бар адамдардың (отбасылардың) бала күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар», делінген министрлік ақпаратында.

Аталған кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақымен 36,4 млрд теңге сомасына орта есеппен 124,7 мың адам қамтылды, оның ішінде қазан айында 3,7 млрд теңге сомасына 126,8 мың адам алды.

«Бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке байланысты белгіленеді. 2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген», деп қосты министрлікте.

Айта кетейік, бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге, ал төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге деп белгіленген.

Сонымен қатар бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын бірінші балаға 5,76 АЕК (22 648 теңге); екінші балаға 6,81 АЕК (26 777 теңге); үшінші балаға 7,85 АЕК (30 866 теңге) төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК (34 995 теңге) беріледі.

Бұдан басқа жұмыс істейтін азаматтарға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.

Аталған біржолғы төлемді жыл басынан бері жалпы сомасы 245,3 млрд теңгеге 175,1 мың адам алды.

Сондай-ақ МӘСҚ-дан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туған күнінен бастап тағайындалады. 2025 жылдың басынан бері бұл төлем 358,6 млрд теңгеге 208,2 мың адамға тағайындалды. 10 айдағы төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері – 86 493 теңге.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.