Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Түркістан мен Хорезм облыстары туризмді бірлесіп дамытпақ
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 08 қараша, 2025 | 14:40
2 минут - оқу уақыты

Түркістан мен Хорезм облыстары туризмді бірлесіп дамытпақ

Биыл Түркістанға 830 мың турист барған

QazMonitor Logo
Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары кезінде Хорезм облысының хокимі Журабек Рахимовпен кездесті. Екі өңірдің басшысы туризм саласындағы әріптестікті тереңдету мәселесін көтерді.

Нұралхан Көшеров Түркістан облысы Хорезм сияқты ерекше туристік әлеуетке ие екенін атап өтті. Мәселен, өңірде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралары тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Оған жыл сайын 1 миллионнан астам турист пен зияратшы келеді. Сондай-ақ облыс аумағында 1800-ге жуық тарих пен мәдениет ескерткіштері бар, ЮНЕСКО биосфералық аумақтар желісіне енгізілген 4 ерекше қорғалатын табиғи аумақ орналасқан. «Түркістанда жыл сайын 3 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсететін халықаралық әуежай жұмыс істейді. Әуе қатынасын дамыту мақсатында біз жеңілдігі бар арнайы бағдарлама әзірледік. Орталық Азияның екі ежелгі рухани орталығы арасындағы тұрақты әуе рейстері трансшекаралық туризмді дамытуға және Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша серпін береді», деді Көшеров.

Сонымен қатар ол туризмді бірлесіп  бірнеше нақты ұсынысын жеткізді.

Атап айтқанда, Түркістан – Хиуа бірыңғай туристік бағытын әзірлеу, екі өңір арасында мәдениет және қолөнер күндерін өткізу, туристер үшін көліктік байланысты күшейту, облыстардың брендтерін халықаралық деңгейде бірлесіп ілгерілету мәселесін көтерді.

Сонымен бірге мәдени байланыстарды нығайтып, туризм саласында тәжірибе алмасу маңызды екеніне де тоқталды. Бұған қоса, Түркістан облысының делегациясы Хорезмдегі туристік фирма басшылары мен өкілдерімен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Туризмді бірлесе дамыту мәселесін талқылады.

Айта кетейік, 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысына 830 мың турист барған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға көп.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.