Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қытайлық инвестор Ақмолада жем зауыты мен астық кептіру кешенін салады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 08 қараша, 2025 | 17:50
1 минут - оқу уақыты

Қытайлық инвестор Ақмолада жем зауыты мен астық кептіру кешенін салады

Жобаға 500 млн доллардан астам инвестиция салу жоспарланған

QazMonitor Logo
Руслан Пряников

Қытайдың East Hope Group корпорациясы Ақмола облысында құрама жем зауыты мен астық кептіру кешенін салу жобасын бастайды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешовтың корпорациясының басшылығымен кездесуінен кейін белгілі болды.

Кезедсуде Ақмола облысының Есіл ауданы, Красивое ауылында іске асырылатын астықты терең өңдеу жөніндегі агроөнеркәсіптік жобаны жүзеге асырудың егжей-тегжейін талқыланған. Жоба екі кезеңде жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде 20 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту арқылы құрама жем өндіру және астық кептіру жабдықтарын шығару өндірісін ұйымдастыру көзделген.

Екінші кезеңде жоба астықты терең өңдеудің толық цикліне дейін кеңейтіледі, оған аминқышқылдары мен басқа да жоғары технологиялық өнімдерді өндіру кіреді. Бұл кезеңдегі жалпы инвестиция көлемі 500 млн АҚШ долларына жетпек. Кәсіпорынның жалпы қуаттылығы жылына 300 мың тонна бидай өңдеуді құрайды.

Бүгінде жобаға қажетті жер телімі анықталған. Сонымен қатар, жоба қолданыстағы астық қабылдау кәсіпорнын жаңғыртуды және жаңа өндірістік нысандар салуды қамтиды.

Бұл жобаны іске асыру өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда маңызды рөл атқарып, Ақмола облысының экспорттық әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, East Hope Group - Қытайдың жетекші корпорацияларының бірі. Компания қазірдің өзінде Қазақстанда бірқатар жобаларды, соның ішінде алюминий өнеркәсібі саласындағы жобаларды, жүзеге асырып келеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.