Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Қазақстан падел спортын дамытуды жоспарлап отыр
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 10 қараша, 2025 | 15:42
1 минут - оқу уақыты

Қазақстан падел спортын дамытуды жоспарлап отыр

Бүгінде елде падел ойнауға арналған 17 корт бар

QazMonitor Logo
freepik.com
freepik.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық падел федерациясының (FIP) президенті Луиджи Карраро мен Premier Padel әлемдік кәсіби турының төрағасы Нассер Бен Ганим Әл-Хелаифиді қабылдады.

Кездесуде Қазақстанда падел спортын дамыту перспективасы талқыланды. Бүгінде елде 1,5 мыңнан астам ойыншыны біріктіретін қоғамдастық қалыптасып, 16 облыста өңірлік федерация құрылған.

Президент мемлекеттің бұқаралық спортты өркендетуге және заманауи инфрақұрылым жасақтауға айрықша көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

Бүгінде Қазақстанда падел ойынына арналған 17 корт бар. 2027 жылы Алматы қаласында халықаралық стандартқа сай келетін 10 корты бар ADD PADEL ARENA спорт кешенін ашу жоспарланып отыр. Орталық Азиядағы заманауи спорт нысандарының біріне айналатын бұл аренада Premier Padel деңгейіндегі турнирлерді ұйымдастыруға болады.

Сонымен қатар, Тоқаев Қазақстандағы футболды дамыту мәселесіне арнайы тоқталды. Атап айтқанда ол футбол клубтарын жекешелендіру және бәсекелес орта қалыптастыру шаралары жүргізіліп жатқанына назар аударды.

Президент УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі және «Пари Сен-Жермен» клубының акционері ретінде футболды насихаттауға қосқан үлесі үшін Нассер Әл-Хелаифиге алғыс айтты. Сондай-ақ Қазақстанның Халықаралық падел федерациясымен ынтымақтастығын нығайту елімізде осы спорт түрін дамытуға әрі танымалдылығын арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Дереккөз: Ақорда

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.