АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы елшісі Серджио Гор мен Мемлекеттік хатшы орынбасары Кристофер Ландау 26- 30 қазан аралығында Қазақстан мен Өзбекстанға сапармен барады.
Арнайы елші Гор мен Мемлекеттік хатшы орынбасары Ландау Қазақстан мен Өзбекстанның үкімет өкілдерімен экономика және қауіпсіздік бойынша кең ауқымды мәселелерді талқылау үшін кездеседі.
Америка Құрама Штаттары Орталық Азиядағы әріптестерімен ынтымақтастықты нығайту және сауда қатынастарын кеңейту бағытындағы жұмысын жалғастырады. Біз елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және C5+1 дипломатиялық алаңы арқылы АҚШ-пен Орталық Азия арасындағы серіктестіктің он жылдығын атап өтуге қуаныштымыз.