Қазақстанның Энергетика министрінің электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы бұйрығы әзірленді.
Бұйрықта қолданыстағы шекті тарифтер министрлікпен 2019-2025 жж бекітілгені жазылған.
«Осыған байланысты, осы бұйрықпен 2026-2032 жылдарға арналған электр энергиясына шекті тарифтерді 2025 жылғы электр энергиясына шекті тарифтер деңгейінде бекіту көзделген», делінген құжатта.
Бұл ретте, ведомство шекті тарифтерді жеті жылға бекіту бірыңғай сатып алушының бағасына әсер етпейтінін атап өтті.
Бекітілген тарифтер қолданысқа 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі.
Бұйрық жобасы Ашық НҚА-да жарияланды, 17 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады.