Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Үкімет астық экспортын қолдауға қосымша 7 млрд теңге бөлді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 02 желтоқсан, 2025 | 10:05
1 минут - оқу уақыты

Үкімет астық экспортын қолдауға қосымша 7 млрд теңге бөлді

Шетелдік нарықтарға астық жеткізу көлемі 2,5 млн тоннадан асқан

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстан Үкіметі астық экспорттаушыларды қолдау үшін қосымша 7 млрд теңге бөлді. Қаражат көлік шығыстарын субсидиялаудың қолданыстағы бағдарламасы бойынша мемлекеттің міндеттемелерін толық орындауға, сондай-ақ приоритетті шетелдік нарықтарға жеткізуді одан әрі ынталандыруға жұмсалады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қосымша қаржыландыру қажеттігі дәнді дақылдардың жоғары өнімділігі мен шетелдік сатып алушылар тарапынан қазақстандық астыққа деген сұраныстың артуына байланысты туындап отыр.

«Биыл көлік шығындарын субсидиялауға Үкімет резервінен 31 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат қазақстандық өнімнің жаңа экспорттық бағыттарға шығуын, бұрын болған нарықтарға қайтадан қол жеткізуді және баламалы логистикалық маршруттар бойынша алыс шет елдерге экспорт көлемін ұлғайтуды қамтамасыз етті», делінген ведомство ақпаратында.

Аталған шаралардың нәтижесінде жаңа және қалпына келтірілген нарықтарға астық жеткізу көлемі 2,5 млн тоннадан асқан.

Еске салсақ, бұған дейін 2026 жылға арналған көлік шығыстарын субсидиялау бағдарламасын кемінде 30 млрд теңге көлемде қаржыландыра отырып ұзарту туралы шешім қабылданған болатын.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.