Қазақстан Орталық Азия елдеріне өсімдік майы мен майлы дақылдарды қайта өңдеу өнімдерін экспорттау бойынша жетекші позициясын нығайтты. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, 2024 жылы қазақстандық өндірушілер Өзбекстан мен Тәжікстанға негізгі өнім жеткізушіге айналды.
Өзбекстан нарығындағы қазақстандық май үлесі 65%-ға (2017 жылы – 13%), ал Тәжікстанда 74%-ға (2017 жылы – 15%) жетті.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстан аймақ елдерін құс пен мал шаруашылығына арналған жем өндірісінде маңызды құрамдас бөлік саналатын күнбағыс шротымен және күнжарамен толық қамтамасыз етіп отыр.
Ауыл шаруашылығы мнистрлігінтің дерегінше, Қазақстан аймақ елдерін құрама жем өндірісінде маңызды рөл атқаратын күнбағыс шроты мен күнжарасымен толық қамтамасыз етіп отыр.
«Бүгінде біз өнімімізді 20-дан астам елге экспорттаймыз. Қазақстаннан шығатын күнбағыс майының көлемі қазірдің өзінде Орталық Азия елдерінің жиынтық импортынан 1,5 есеге көп, қажет болған жағдайда бұл нарықты толық қамтамасыз етуге әлеуетіміз жеткілікті», – деп атап өтті Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы.