Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматыда заңсыз салынған 70 құрылыс нысаны күреледі
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 28 қараша, 2025 | 10:23
1 минут - оқу уақыты

Алматыда заңсыз салынған 70 құрылыс нысаны күреледі

Бас жоспар жаңарды, қаладағы құрылысқа бақылау күшейді

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Алматыда жаңартылған Бас жоспарды енгізу бойынша жүйелі жұмыс жасалып жатыр. Бүгінде сәулет-қала құрылысына бақылау күшейген.

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановтың мәліметінше, қала ортасын дамыту саласындағы стратегиялық шешімдер Қала құрылысы кеңесі мен сәулет-құрылыстық бақылау органдары арқылы іске асырылады.

«Қала құрылысы кеңесі – қала үшін маңызды жобаларды қарастыратын алқалы консультативтік орган. Оның құрамына тәуелсіз сәулетшілер, осы саланың мамандары кіреді, олар жобалардың жүзеге асуына қоғамдық бақылау жасайды. Бұл ретте мемлекеттік органдардың қала құрылысы кеңесінде дауыс беру құқығы жоқ», – деді Шаханов.

Соңғы үш жылда аталған кеңестің 26 отырысы өтіп, 395 жоба қаралғанымен, оның жартысы жуығы ғана – 47,8%-ы мақұлданған. Жобаны қараған кезде қасбет шешіміне, осы заманғы технологияны қолдануға, халықтың тығыздығын ескеріп, сәулеттің қоршаған құрылысқа сай болуына ерекше назар аударады.

Биыл мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау бойынша 1 300-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 350 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, 600-ден астам заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілген.

«Біз құрылыс-монтаж жұмысының орындалуына бақылауды күшейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл ретте лицензиядан айыру — нарықты сенімсіз компаниялардан тазартудың ең тиімді жолы болып отыр. Биыл 5 құрылыс компаниясы құрылыс жүргізу лицензиясынан айырылып, техникалық қадағалау қызметімен айналысатын 2 ұйымның аккредитациясы тоқтатылды», – деп атап өтті әкімнің орынбасары.

Жыл басынан бері сотқа шамамен 80 талап-арыз беріліп, оның жартысы қанағаттандырылды. Талап-арыздың 42-сі нысандарды толық немесе ішінара бұзуға қатысты болған. Жалпы қала бойынша жыл басынан бері 38 заңсыз құрылыс бұзылып, тағы 70 нысанды алдағы уақытта бұзу жоспарда тұр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.