Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанның бірқатар өңірінде фитосанитариялық бақылау ақылы негізге көшті
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 26 қараша, 2025 | 09:01
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанның бірқатар өңірінде фитосанитариялық бақылау ақылы негізге көшті

Сараптамадан түскен қаржы саланы дамытуға жұмсалады

QazMonitor Logo
fitosanitariya.kz
fitosanitariya.kz

2025 жылғы 24 қарашадан бастап Қазақстанның бірқатар өңірінде карантиндік фитосанитариялық сараптаманы ақылы негізде жүргізу тәртібі енгізілді. Бұл қадам ішкі нарықты қорғауды күшейтуге және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды реформа болып отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл өзгеріс сараптаманың сапасын арттырып, фитосанитариялық қызметтердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жаңа қаржылық арна ашады.

«Өзбекстан, Әзербайжан, Қытай, Беларусь және Ресейдің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, сондай-ақ көршілес мемлекеттермен тең жағдай қалыптастыру мақсатында, 2025 жылғы 24 қарашадан бастап Қазақстанның бірқатар өңірінде карантиндік фитосанитариялық сараптаманы ақылы негізде жүргізу тәртібі енгізілді. Сараптама «Фитосанитария» ШЖҚ РМК базасында жүзеге асырылады», делінген ақпаратта.

Қазіргі таңда көрсетілген өңірлерде карантинге жатқызылған өнімнің әкелінуін жүзеге асырылатын фитосанитариялық бақылау бекеттері айқындалды. Сонымен қатар, барлық өңірде экспорт кезінде зертханалық сараптама ұйымдастырылған.

Жаңа тәртіпті енгізуге дайындық аясында сыртқы сауда қызметіне қатысушылармен түсіндіру іс-шаралары өткізілген. Аумақтық инспекциялардың және зертханалардың қызметкерлері қажетті оқытудан өтті, олардың жұмысы тұрақты түрде үйлестіріліп жатыр.

Аведомство жаңа тәртіпті іске асыру фитосанитариялық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен бірге, сараптама жүргізуден түсетін қаражат саланың дамуына – зертханалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, кадрлық әлеуетті арттыруға және рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Дереккөз: АШМ

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.