Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Биыл елімізде жол бойының 63 қызмет нысаны ашылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 24 қараша, 2025 | 12:45
1 минут - оқу уақыты

Биыл елімізде жол бойының 63 қызмет нысаны ашылды

Оның 33-і сервистік, 30-ы санитарлық-гигиеналық павильон

QazMonitor Logo
ҚазАвтоЖол
ҚазАвтоЖол

Бүгінде «ҚазАвтоЖол» ұлттық операторы ұзындығы 25 мың шақырымды құрайтын республикалық маңыздағы автомобиль жолдары желісін басқарады. Олардың бойында 1 406 жол бойы қызмет көрсету нысаны орналасқан, оның 1 306-сы немесе 93%-ы ұлттық стандарт талаптарына сай келеді. 2025 жылы 63 жаңа нысан ашылды, оның ішінде 33 сервис нысаны және 30 санитарлық-гигиеналық тораптармен жабдықталған модульдік павильон.

Қазіргі уақытта 33 жол бойы сервис нысаны пайдалануға берілген. Олардың қатарында 17 автожанармай құю станциясы, 10 тамақтану пункті мен кафе, сондай-ақ 4 кешен және кемпинг бар.

Бұл қызмет көрсету нысандары Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында орналасқан. Сонымен қатар модульдік санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату жұмыстары жүргізілуде: қазіргі таңда 30 павильон орнатылып, оның 13-і жұмыс істеп тұр.

Дереккөз: ҚазАвтоЖол

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.