Астанада 22 және 23 қарашада «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтеді. Оған Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарының шаруалары қатысады.
Іс-шара Алаш тас жолындағы «Keryen Joly» сауда орталығының автотұрақ аумағында ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, осы күндері сауда орталығында қала тұрғындары үшін қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі де өтеді. Мұнда жергілікті шаруалар мен еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген өндірушілер өз өнімдерін ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, етті, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындарды, тосап және көптеген басқа да өнімдерді сатып ала алады.
Іс-шара әр демалыс сайын таңғы 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін өтеді.
Қонақтардың ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін жерге № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус бағыттары жүреді.
Дереккөз: Астана қаласының әкімдігі