Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Еліміздегі қой жүнін терең өңдейтін жалғыз цех Ақтөбеде жұмыс істеп тұр
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 19 қараша, 2025 | 15:00
1 минут - оқу уақыты

Еліміздегі қой жүнін терең өңдейтін жалғыз цех Ақтөбеде жұмыс істеп тұр

2025 жылдың 10 айында Ақтөбе облысының экономикасы 103,6%-ға өскен

QazMonitor Logo
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысында өнеркәсіп өнімінің индексі 101,3%-ды құрап, кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеп, өндіріс көлемін ұлғайтқанын көрсетті. Ауыл шаруашылығында өсім 101,8%-ға жетті, бұл жақсы өнім мен мал шаруашылығы өнімдерінің артуымен байланысты.

Ең жоғары өсім – 129,1% – инвестициялар саласында байқалды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 17%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 3,5%-ға артты. Көлік және қоймалау саласында 10,3%, саудада 2,1% өсім тіркелді. Жыл басынан бері облыс экономикасына 892 млрд теңге инвестиция тартылды.

2025 жылы өңірде жалпы құны 110 млрд теңгеден асатын сегіз ірі нысан іске қосылған. Соның ішінде ERG компаниясының қуаты 150 МВт жел электр станциясы бар, инвестиция көлемі – 74 млрд теңге.

Сонымен қатар шикізатты терең өңдеуге бағытталған жобаларға ерекше көңіл бөлінуде. Мысалы, KazFeltec компаниясы Қазақстанда алғаш рет қой жүнін терең өңдейтін және құрылыс материалдарын шығаратын цех ашты. Жобаның құны – 5,3 млрд теңге, жылдық қуаттылығы – 2 мың тоннадан астам қой жөні өңделеді . Жаңа өндіріс 50 жаңа жұмыс орнын ашып, жергілікті ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен кооперацияны дамытты.

Сонымен қатар, ауылшаруашылық химикаттарын, гофроқаптаманы, өртке қарсы құралдарды өндіретін және өнеркәсіптік қалдықтардан хром шығаратын бірнеше жаңа өндіріс іске қосылды.

Жыл соңына дейін жалпы құны 350 млрд теңгені құрайтын тағы төрт жоба іске асырылады. Олардың қатарында кен орындарын игеру, шахталарды кеңейту, рельс дәнекерлеу өндірісі және металл өңдеу орталығын құру бар. Болашақта карбамид, битум және цемент зауыттары салу жоспарланып отыр.

Облыста бизнес пен инвестиция үшін Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай маңында «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді (570 га), ал Хромтаудағы республикалық маңыздағы Индустриялық аймақ – 150 га аумақта жұмысын бастады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.