Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанның кей өңірінде инфляция қарқыны баяулады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 18 қараша, 2025 | 15:04
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанның кей өңірінде инфляция қарқыны баяулады

Дегенмен азық-түлік бағасының Ұлытау облысында айтарлықтай өскені (16,7%) байқалып отыр

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстанда 2025 жылғы қазан айында жылдық инфляция 12,6% деңгейінде тіркелді. Бұл көрсеткіш қыркүйек айындағы 12,9% деңгейінен төмен.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, жылдық инфляция 10 өңірде баяулаған, ал 6 өңірде керісінше жеделдеп, 4 өңірде өзгеріссіз қалған.

Қазан айында азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 13,5% өсті (қыркүйекте – 12,7%). Елімізде азық-түліктің бағасы өте қатты қымбаттаған өңір Ұлытау облысы – 16,7%. Ал ең төмен өсім Алматы қаласында — 10,4% тіркелді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы жылдық есепте 11,0% болды (қыркүйекте 10,8% болған). Бағаның ең жоғары өсуі Ақтөбе облысында – 14,0% болса, ең төмен мән Алматы қаласында – 8,5%.

Ақылы қызмет көрсетудің жылдық инфляциясы қыркүйектегі 15,3%-дан қазанда 12,9%-ға дейін баяулаған. Ең төмен өсім Қызылорда облысында — 8,6%.

Айлық инфляция қазан айының қорытындысы бойынша айлық инфляция 0,5% болды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.