Биылғы жылыту маусымы басталғалы бері Қазақстан темір жолы желісі арқылы 38,3 млн тонна көмір тасымалданды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 млн тоннаға немесе 4%-ға жоғары.
Компания мәліметінше, негізгі көлем дәстүрлі түрде жылу электр орталықтарына жөнелтілген. Энергетикалық кәсіпорындар 34,6 млн тонна көмір алған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 млн тоннаға (+6%) көп. Ал коммуналдық-тұрмыстық секторға 3,7 млн тонна отын жеткізілді.
Жергілікті атқарушы органдардың хабарлауынша, көмір операторларының қоймаларында қазіргі уақытта 432 мың тонна коммуналдық-тұрмыстық көмір қоры бар.
Өскемен қаласы бойынша отынмен қамту тұрақты деңгейде сақталып отыр. Қаладағы көмірдің жалпы қоры 11 150 тонна, оның ішінде: «Сейком» ЖШС кірме жолдарында – 6 300 тонна, «ТКТ» ЖШС кірме жолдарында 1 500 тонна көмір бар.
Дереккөз: ҚТЖ