Еліміздің емханаларында ашылған жедел жәрдем бөлімшелерінде 995 мобильді бригада жұмыс істейді.
Емханалардағы жедел жәрдем кабинеттері жедел жәрдем келгенге дейін өмірге қауіп төнбеген кезде жедел жағдайларда пациенттерді алғашқы зерттеп-қарап, емдік шараларды жасайды.
«Бүгінгі таңда емханаларда 660 жедел жәрдем бөлімшесі ашылды, олар дәрігерлермен 73,2%, 100% мейіргерлермен және фельдшерлермен қамтылған, олар пациенттерге қажетті көмек көрсетуге дайын», делінген министрлік ақпаратында.
Биылдан бастап тіркелген халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету ұйымдардың жұмыс уақытында 8:00-ден 20:00-ге дейін МСАК-қа берілді. Ол үшін 995 мобильді бригада жұмыс істейді.
«Бұл жедел жәрдем қызметтерін едәуір жеңілдетеді және үйдегі қоңырауларға қызмет көрсетуді тездетеді. Жиынтықта барлық өзгерістер МСАК дәрігерлерінің қолжетімділігін арттыруға және қабылдауды күту мерзімін 2-3 күнге дейін қысқартуға бағытталған», деп қосты ведомствода.
Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жаңартылған стандартын бекітті. Негізгі өзгеріс жалпы практика дәрігерінің жұмыс күнінің жаңа ережесі болып отыр. Атап айтқанда, жалпы практика дәрігерінің жұмысы 8 сағатты құрайды, оның 6 сағаты пациенттерді қабылдауға, қалған 2 сағаты құжаттаманы рәсімдеу және жоспарлы сапарлар үшін белгіленген.
Ведомство бұл режим қабылдау сапасын арттыруға және дәрігерлерге жүктемені азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар 2027 жылға қарай барлық МСАК ұйымдары жалпы практика қағидаттарына көшетінін еске салды. Терапевттер мен педиатрлар мобильді және мультидисциплиналық топтардың құрамына кіретін бейінді мамандар ретінде жұмыс істейтін болады.
Дереккөз: Денсаулық сақтау министрлігі