Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Орталық Азиядағы жалғыз Протонды терапия орталығы жылына 1 мыңға жуық науқасты емдейді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 17 қараша, 2025 | 12:08
1 минут - оқу уақыты

Орталық Азиядағы жалғыз Протонды терапия орталығы жылына 1 мыңға жуық науқасты емдейді

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылыми онкология орталығының жұмысымен танысты

ҚР Үкіметінің ресми сайты
ҚР Үкіметінің ресми сайты

Ұлттық ғылым онкология орталығы жыл сайын 12 мыңға жуық диагностикалық зерттеу мен ота, 4 мың сәулелік және протондық терапия, сондай-ақ 330-ға дейін ағза мен сүйек кемігін трансплантациялау жүргізеді.

Онкологиялық көмектің барлығы ТМККК және МӘМС аясында тегін көрсетіледі. Соңғы үш жылда онкологиялық қызметтің бюджеті алты есеге ұлғайып, жыл сайын 170 млрд теңгеден астам қаржы бөлінуде.

Орталықтың радиациялық технологиялар бөлімінде радиофармпрепараттар өндіру ісі дамып келеді. Қазіргі уақытта 18F-FDG препаратының өндірісі жолға қойылып, жылына 12 мың ПЭТ зерттеуін жүргізуге мүмкіндік береді. Жақын уақытта тағы 13 препаратты шығару жоспарланып отыр.

Радионуклидтік терапия бөлімшесінде йод-131 негізіндегі препаратпен қалқанша безі қатерлі ісігін емдеу жүргізіледі. Бөлімше жылына 300-ден астам пациентті қабылдай алады.

Медициналық инфрақұрылымды таныстыру барысында жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Орталықта Varian компаниясының EDGE және ETHOS жүйелері бар жеті радиациялық онкология бункері жұмыс істейді. Ал Протонды терапия орталығы Орта Азиядағы жалғыз ProBeam 360 жүйесімен жабдықталған нысан болып саналады. Мұнда жылына 1000-ға дейін науқас, соның ішінде шетелдік пациенттер де ем қабылдай алады.

Гибридті операциялық блоктарда жыл сайын 350-ден астам жоғары технологиялық операция жасалады. Сонымен қатар 250-ден астам маман шетелдің жетекші орталықтарында біліктілігін арттырған.

Дереккөз: ҚР Үкіметі

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.