Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Жұмысынан айырылғандарға 106 млрд теңгеден астам төлем жасалды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 17 қараша, 2025 | 11:01
1 минут - оқу уақыты

Жұмысынан айырылғандарға 106 млрд теңгеден астам төлем жасалды

Әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себебінен қарамастан және жұмыскерді жұмыссыз қалған уақытында қолдау үшін төленеді

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты  308,4 мың адам әлеуметтік төлем алды. Оның 268,6 мыңына төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы – 106,8 млрд теңге.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша төлемдер алуға құқылы. Ол жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамның жұмыс іздеген кезеңінде қолдау мақсатында төленеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.