Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда 1,1 млн астам ата-ана педагогикалық көмек орталығына жүгінді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 17 қараша, 2025 | 10:07
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда 1,1 млн астам ата-ана педагогикалық көмек орталығына жүгінді

Ата-аналарға педагогикалық қолдау орталықтары 2023 жылы елдің барлық мектебінде құрылған

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстанда оқу жылы басталғалы бері педагогикалық қолдау орталықтары 33 мыңнан астам сабақ өткізіп, оған 1,1 миллионнан астам ата-ана қатысты.

Елімізде ата-аналарға педагогикалық қолдау орталықтарының 3.0 бағдарламасы жалғасып жатыр. Бағдарлама саналы ата-ана болу дағдыларын дамыту, мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайтуды көздейді.

Бағдарлама аясында ата- аналарға арнайы дайындықтан өткен педагогтер мен психологтар дәріс береді. Қазақстандық отбасылар арасында «Жеке үлгі арқылы тәрбиелеу» және «Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің қамқорлығы» тақырыптарына сұраныс көп түскен. Бұл сабақтарда ата-аналар сенімді нығайту, баламен эмоционалды байланыс орнату және тәуекелдердің алдын алу бойынша пайдалы кеңестер алады.

Сауалнама нәтижелері ата-аналардың балаларымен қарым- қатынасының жақсарғанын көрсетіп отыр. Зерттеу сұрақтарына жауап берген ата- аналардың 72,6% балаларымен күнде сөйлесе бастағанын, 89,6% қиындықтарға дер кезінде жауап беріп үйренгенін, 78% баланың ортасын жақсы тани бастағанын айтқан. Әрбір екінші ата-ана тәрбиелеу тәсілін қайта қарауға дайын, ал шамамен үштен бірі балалардың оқу және мәдени дамуына белсенді қатыса бастағанын айтады.

Айта кетейік, ата-аналарға педагогикалық қолдау орталықтары 2023 жылы «Адал азамат» бағдарламасы аясында елдегі барлық мектептерде іске қосылды. Орталық ата-аналарды қолдау мақсатында баланы тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған практикалық құралдарды ұсынады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.