Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. «Qazaq Organicfood» брендіне үлкен сенім артылуда
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 14 қараша, 2025 | 14:45
1 минут - оқу уақыты

«Qazaq Organicfood» брендіне үлкен сенім артылуда

Әлемде таза азық-түлікке сұранысты оңтайлы пайдалану қажеттігі айтылды

QazMonitor Logo
Freepik
Freepik

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде өндірілетін өнімдерді халықаралық нарыққа көптеп шығаруымыз керектігін айтты. Астық экспорты бойынша әлемдегі жетекші 10 мемлекеттің қатарына кіретін Қазақстанның әлеуетіне жоғары баға берді.

«Қазақстан астығы Орталық Азия, Иран, Ауғанстан елдері секілді дәстүрлі нарықтармен қатар Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Солтүстік Африкаға, атап айтқанда, Бельгия, Португалия, Норвегия, Ұлыбритания, Вьетнам, Марокко, Алжир мемлекеттеріне де жеткізіле бастады. Бұл біздің астық экспорты географиясының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді», – деді мемлекет басшысы.

Еліміз майлы дақылдар мен өсімдік майын да көптеп сыртқа жөнелте бастаған. Өткен жылы халықаралық нарыққа 18 мың тоннаға жуық қой етін шығарып, осы сала бойынша 10 озық мемлекеттің қатарында қосылды.

«Агроөнеркәсіп кешеніндегі әлеуетіміз бұл көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. Оның үстіне әлемде экологиялық тұрғыдан таза азық-түлік өнімдеріне сұраныс артып келеді. Сондықтан стратегия дұрыс түзілсе, «Qazaq Organicfood» бренді халықаралық нарықта лайықты орнын алады», – Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дереккөз: Ақорда

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.