Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда күріштің жаңа сорты шығарылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 22 қазан, 2025 | 18:53
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда күріштің жаңа сорты шығарылды

Ол жоғары өнімділігімен ерекшеленіп, жергілікті климат пен топыраққа толық бейімделген

QazMonitor Logo

Қызылорда облысында Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары шығарған жаңа «Сыр Сұлуы» күріш сортының сынақ жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл сорттың пісу мерзімі аз, сондықтан оны өсіру кезінде су тұтыну көлемі де аз болады, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Сынақ нәтижелері көрсеткендей, жаңа күріш сорты 105-110 күнде пісіп жетіледі, өнімділігі жоғары, әрі жергілікті климат пен топырақ жағдайына толық бейімделген. Барлық агротехникалық талап дұрыс сақталған жағдайда, бұл сорттан бір гектардан 80-85 центнерге дейін өнім алуға болады.

Бүгінде өңірде негізінен пісу мерзімі 120–125 күн болатын ресейлік күріш сорты өсіріледі.

«Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы су тапшылығы су үнемдеудің жаңа әрі тиімді тәсілдерін іздеуді және енгізуді қажет етеді. Климаттың ғаламдық өзгерісін ескерсек, ауыл шаруашылығы дақылдарының мұндай сорттары қазіргі су көп қажет ететін түрлерге балама бола алады. Аталған ғылыми жұмыс нәтижесі ауыл шаруашылығының дамуына және күріш алқаптарында суды үнемдеуге оң әсерін тигізеді», – деді Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ ғылыми жұмыс жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Жанұзақ Байманов.

Сонымен қатар аталған институт Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп, венгриялық Water Retainer препаратының сынақ жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл құрал топырақтағы ылғалды ұстап тұруға көмектеседі. Биыл бұл технология Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола және Жетісу облыстарының суармалы жерлерінде апробациядан өтіп жатыр.

«Сынақтың алғашқы кезеңіне 4 ғылыми-зерттеу институты қатысып, препараттың күріштің вегетациялық кезеңін қысқартатынын және соның есебінен суды айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік беретінін көрсетті. Әдетте күрішті 90 күн бойы суару қажет болса, бұл препарат қолданылған жағдайда 51 күндік суару жеткілікті болады», – деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылыми және инновациялық технологиялар департаменті директоры Ләззат Жүсіпова.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.