Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. ERG мен ЗМК думпкар жеткізуге қатысты меморандумға қол қойды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 12 қараша, 2025 | 14:20
1 минуттан кем минут - оқу уақыты

ERG мен ЗМК думпкар жеткізуге қатысты меморандумға қол қойды

Бұл көліктер Қашар карьеріндегі фабрика кешеніне темір кенін жеткізуге пайдаланылады

QazMonitor Logo
ezmk.net
ezmk.net

Eurasian Resources Group (ERG) пен Ресей Федерациясының «Завод металлоконструкций» АҚ өкілдері думпкар жеткізуге қатысты меморандум жасасты. Жасалған меморандум құны – 15 млн АҚШ долларына жуық.

Кездесу қорытындысында 2026 жылдың алғашқы жартысында ERG-дің «Темір» дивизионына 87 думпкар жеткізу туралы уағдаласты. Аталған көліктер Қашар карьері өндірісіне пайдаланылады.

Жаңа думпкарлар паркі Қашар карьеріндегі фабрика кешеніне темір кенін жеткізу тиімділігін арттырады. Әрі ERG-дің өндіріс көлемі мен дайын өнім сатылымын арттыруға бағытталған стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі.

Шараны ұйымдастыруға «Корпорация «МСП» АҚ, Российский экспортный центр (РЭЦ) және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мұрындық болған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.