Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда айналымдағы төлем карталары рекордтық санға жетті
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 12 қараша, 2025 | 13:23
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда айналымдағы төлем карталары рекордтық санға жетті

Еліміздегі азаматтың әрбіріне орташа есеппен төрт картадан келеді

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Ranking.kz дерегіне сүйенсек, 2025 жылдың қыркүйек айының соңындағы жағдай бойынша Қазақстанның төлем нарығы жаңа рекордтық көрсеткішке жетіп, айналымдағы төлем карталарының саны 83 миллионға дейін өсті.

Соңғы бір жыл ішінде олардың саны шамамен 4 %-ға артып отыр. Ал бес жыл ішінде төлем карталарының көлемі 87,4 %-ға көбейсе, соңғы он жылда бұл көрсеткіш бес есеге жуық өсті.-

Төлем карталары 2017 жылдан бастап күрт тарала бастады. Содан бері тұрақты әрі жедел өсім қалыптасып келеді. Қазір әрбір қазақстандыққа орта есеппен төрт төлем картасынан келеді. Ал он жыл бұрын бұл көрсеткіш бір картаға да жетпейтін.

Өсімнің бұлайша қарқын алуына бірнеше фактор себеп. Атап айтсақ, олар цифрлық қызметтер мен онлайн-сервистердің белсенді дамуы, банктердің мобильді қосымшаларының қаржылық экожүйеге айналуы, банк қызметтерін алу кезінде карталардың міндетті түрде ашылуы6 сондай-ақ цифрлық және виртуалды карталардың кеңінен танымал болуы.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.