Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда ағаш өнімдеріне таңбалау жүргізіледі
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 12 қараша, 2025 | 10:16
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда ағаш өнімдеріне таңбалау жүргізіледі

Пилоттық жоба алғашқы рет «Семей орманы» резерватында іске асырылады

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Осы саладағы алғашқы пилоттық жоба туралы ағаш өнімдерін таңбалау жүйесін енгізу мәселелеріне арналған семинарда айтылды. Бұл бастаманы ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті GIZ бірлесіп қолға алып отыр. Жобаны талқылауға мемлекеттік органдар, кәсіпорындар және «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.

Семинарда реттеуші әсерді талдаудың негізгі тұжырымдамалары, ағаш өнімдерін іздеу мүмкіндігін енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар таныстырылды. Қатысушылар таңбалауды енгізудің нормативтік және техникалық аспектілерін талқылады.

Семинар қорытындысы бойынша ағаш өнімдерін таңбалау жүйесін келісу және енгізу бойынша әрі қарай жасалатын қадамдар белгіленді.

Пилоттық жоба алдағы уақытта ұлттық деңгейге масштабтау мақсатында «Семей орманы» МОТР РММ жүзеге асырылатын болады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.