Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Абай облысында алтын өндеу зауытының құрылысы басталды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 11 қараша, 2025 | 13:24
1 минут - оқу уақыты

Абай облысында алтын өндеу зауытының құрылысы басталды

Биыл өңірге 3,5 трлн теңге инвестиция тартылған

QazMonitor Logo
freepik.com
freepik.com

Абай облысында жаңа алтын өндеу зауытының құрылысы басталды. Түркияның Miryildiz Kz Ltd компаниясы жобасының жалпы құны 480 млн млн доллар құрайды.

Облыс әкімі Берік Уәлидің мәліметінше, биыл жыл басынан бері Абай облысына 3,5 трлн теңге инвестиция тартылған. Ал іске асырылған жобалар саны 29-дан 97-ге дейін өскен.

«Аягөз-Бақты» темір жолының құрылысы - өңірдегі ірі инвестициялық жобалардың бірі, оның құны 577,5 млрд теңге және жалпы ұзындығы 297,5 км құрайды. Жоба 2023 жылы іске асырыла бастаған, жалпы ауданы 10,5 мың га жер учаскелері резервке қойылып, техникалық-экономикалық негіздеме бекітілді.

«Нысан 2027 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр», деді Берік Уәли Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Сондай-ақ биылғы жылы 453 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 25,9 млрд теңгеге 14 жобаны аяқтау көзделген. Оның ішінде бүгінде 13,3 млрд теңгеге жеті жоба іске қосылып, 124 жұмыс орны ашылғанын атап өтті.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.