Салалық министрлік «Отын-энергетикалық кешенді басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» (EnergyTech) атты салалық платформаны жүзеге асыруда. Ол QazTech стандарттарына сәйкес әзірленген бірыңғай цифрлық шешім негізінде энергетика, жер қойнауын пайдалану, қайта өңдеу және көмір өнеркәсібі сияқты отын-энеретика кешенінің барлық салаларын біріктіреді.
Платформаны толық көлемде іске асыру және өнеркәсіптік пайдалануға енгізу 2026–2027 жылдары жоспарланып отыр.
2025 жылы күзгі-қысқы кезеңге дайындық пен өту барысын бақылау жөніндегі салалық сервис тәжірибелік пайдалануға енгізілді. Бұл сервис активтерді толық есепке алуды және бақылауды, нысандарды онлайн-мониторингтеуді, жөндеу жұмыстарын бірыңғай цифрлық ортада жоспарлауды қамтамасыз етеді.
Қағаз түріндегі ақау журналдарынан цифрлық тізілімдерге көшу де жоспарланған. Бұл бақылау сапасын арттырып, шешім қабылдау тиімділігін жоғарылатады. Нәтижесінде жылыту маусымына дайындықты бақылау мерзімі 90 күнге дейін қысқарып, жылыту маусымындағы апаттылық тәуекел 25%-ға төмендейді деп күтілуде.
Сонымен қатар, станциялардың шекті тарифтерін бекітуге арналған өтінімдерді қабылдау және қарау бойынша цифрлық сервис тәжірибелік пайдалануға енгізілді.
Дереккөз: ҚР Энергетика министрлігі