Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдап, палатаның биылғы жұмысының есебін тыңдады.
Мемлекеттік аудиторлар жалпы құны 32 триллион теңге болатын 18 ірі тексеру жүргізген, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,8 триллион теңгеге көп.
Смайловтың мәліметінше, мемлекет пайдасына 112 миллиард теңге өндірілген. Анықталған кемшіліктерді жою үшін Үкіметке және аудит нысандарына 96 ұсыным мен 800-ге жуық орындалуға міндетті нұсқама жіберілді. Аудит қорытындысы бойынша 42 материал құқық қорғау органдарына жолданды.
Жоғары аудиторлық палатаның қызметін цифрландыру шеңберінде аудиторлық жұмыстың барлық кезеңдерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе енгізілген.
Сонымен қатар палата басшысы келесі жылы 40-қа жуық аудиторлық тексеріс жүргізуді жоспарланып отырғанын айтты. Атап айтқанда, тексеру жұмыстары отандық фармацевтикалық өнім өндірушілерді қолдау, инвестиция тарту, автомобиль жолдарын дамыту, мемлекеттік ақпарат саясаты бағыттарын, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ және Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетін және тағы басқа мекемелерге тексеру жүргізуді көздеп отыр.
Дереккөз: Ақорда