Qarmet компаниясы Ұлытау облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға 700 миллион теңге бөледі. Аталған қолдау облыс әкімдігі мен компания арасындағы меморандум аясында жасалады.
Кәсіпорын мен әкімдік арасындағы келісім өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Қаражал қаласында жаңа әлеуметтік бастамалар жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Айта кетейік, «Qarmet» компаниясы облыс аумағында темір және марганец кенін өндіретін «Өркен» ЖШС арқылы жұмыс істейді. Өзара әріптестік ынтымақтастық аясында компания 2026–2028 жылдары қаладағы бірқатар әлеуметтік нысанды жаңғырту мен инфрақұрылымды дамытуға қаржы бөледі.
Бөлінетін қаржыға «Балбөбек» балабақшасын күрделі жөндеу, коммуналдық қызметтерге арнайы техника сатып алу және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту көзделген. Сонымен қатар компания өңір жастарын спортқа тартуға бағытталған жобалар мен спорттық бастамаларды қаржыландыруды жоспарлап отыр.
Дереккөз: Ұлытау облысы әкімдігі