ҰК» АҚ ұлттық астық операторы және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) тұрақты агроөндіріс, егіншіліктің экологиялық тәжірибесін енгізу және Солтүстік Қазақстанның экожүйелерін сақтау (FOLUR) саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
БҰҰДБ шетелдік мамандарды тарта отырып, пилоттық жобаларынды ғылыми сүйемелдеуге, сондай-ақ бағдарламаны іске асыруға оператор мен шаруалардың шығыстарын өтеуге жалпы сомасы 2 млн АҚШ долларына жуық гранттық қаржыландыру бөледі.
БҰҰДБ-мен серіктестік бұршақ және көпжылдық шөптерді, соның ішінде жасымық пен жоңышқаны өсіру үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерін үш жыл мерзімге форвардтық қаржыландыруды көздейді. Шаруалар заманауи агротехнологияларды қолданады, ауыспалы егістерді сақтайды және егіс алқаптарын әртараптандырады.
БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа атап өткендей, мемлекеттік институттар мен халықаралық әріптестердің күш-жігерін біріктіру - азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және шаруаларды экологиялық және қаржылық тұрақты егіншілік тәжірибесіне көшуде қолдауға бағытталған.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев БҰҰДБ-мен бірлескен жұмыс егіс алқаптарын әртараптандыруға және Қазақстанда агробизнесті ынталандырудың жаңа тетіктерін енгізуге ықпал ететінін атап өтті.
Дереккөз: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі