Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматыда жаңа халықаралық университет құрылады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 07 қараша, 2025 | 16:47
1 минут - оқу уақыты

Алматыда жаңа халықаралық университет құрылады

Университетті тәмамдағандар қазақстандық және Arizona State University дипломын қатар алып шығады

QazMonitor Logo
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Q Group және Arizona State University жаңа халықаралық University of Innovation and Technology powered by Arizona State University (InnoTech) университетін Алматы қаласында ашу туралы ресми келісімге қол қойды.

InnoTech университеті инженерия, IT, кәсіпкерлік, жасанды интеллект және тұрақты даму салаларында академиялық ұтқырлықты, ғылыми ынтымақтастықты және тәжірибеге бағытталған оқытуды біріктіретін әлемдік деңгейдегі білім ордасы болмақ.

Жаңа университеттің басты ерекшелігі – қазақстандық үлгідегі және АҚШ-та мойындалған Arizona State University дипломын, екі диплом алу мүмкіндігі. Бұл түлектердің халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

«Arizona State University және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен ынтымақтастық – еліміздегі білім беру жүйесінің дамуына жаңа серпін береді. InnoTech заманауи оқу үдерісінде озық технологияларды, ғылым мен кәсіпкерлікті біріктіретін символға айналады», – деді Q Group басшысы.

Бакалавриат және магистратураның алғашқы білім беру бағдарламалары 2026 жылы іске қосылады. Қазірдің өзінде Алматы қаласында заманауи қалалық кампус дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол оқу, зерттеу және стартап-жобаларға арналған инновациялық кеңістікке айналмақ.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.