Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. «Қорғас» бекетінде көлік тасымалы үшін шектеусіз жүйе енгізіледі
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 07 қараша, 2025 | 15:41
1 минут - оқу уақыты

«Қорғас» бекетінде көлік тасымалы үшін шектеусіз жүйе енгізіледі

Қазақстан мен ҚХР көлік тасымалдаушыларына рұқсат бланкілерін беруге қатысты өзара келісімге келді

QazMonitor Logo
ҚР Көлік министрлігі

2025 жылғы 5-6 қарашада «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі және Қытай Халық Республикасының Көлік министрлігі өкілдерінің халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелеріне қатысты кездесуі өтті.

Қазақстандық делегация құрамында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ және тасымалдаушылар қауымдастығының өкілдері болды.

Келіссөздердің нәтижесінде биылғы жылғы 6-12 қараша аралығында Қытай тарапы Қазақстанға 15 мың рұқсат бланкісін беретін болды. Жеті күннің қорытындысы бойынша қазақстандық тасымалдаушылардың тәуліктік нақты қажеттілігі айқындалып, алынған деректердің негізінде болашақта рұқсат бланкілері күн сайын берілмек.

Сондай-ақ 2026 жылдан бастап рұқсат бланкілерін саны жағынан шектеусіз беру жүйесіне көшу жоспарлануда. Осылайша Қытайға электронды кезек жүйесі арқылы кіретін барлық көлік құралдарына, егер ҚХР заңнамасын бұрын бұзбаған болса, рұқсаттар автоматты түрде берілетін болады.

Атап өту қажет, 2024 жылы қазақстандық тасымалдаушылар 228 мың рұқсат бланкілерін пайдаланған, ал ағымдағы жылдың басынан бері 230 мыңнан астам қытайлық рұқсат бланкілері алынған және пайдаланылған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.