Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Есіл өзеніне ақ амур балығының шабақтарын жіберу шарасы аяқталды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 07 қараша, 2025 | 14:12
1 минут - оқу уақыты

Есіл өзеніне ақ амур балығының шабақтарын жіберу шарасы аяқталды

Су айдынын балықтандыру екі кезеңмен жүргізілді

QazMonitor Logo
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Астанада Есіл өзенінің «Нұрлы жол» теміржол вокзалы маңына орташа салмағы 10 грамдық 237 мың ақ амур шабағы жіберілді. Бұл шара ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитетінің мемлекеттік тапсырысы аясында жүргізілді.

Жыл сайын атқарылатын балықтандырудың басты мақсаты – балық ресурстарын сақтау және тұрақты пайдалану, су айдындарының экологиялық жағдайын жақсарту, сондай-ақ басқала тұрғындарының демалысы мен бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы жағдай жасау.

Ақ амур – өсімдік қоректі балық түріне жатады. Ол су айдындарын артық өсімдіктерден табиғи жолмен тазартып, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Шабақ жіберу өзендегі биологиялық әртүрлілікті арттыруға және балық популяциясын қалпына келтіруге ықпал етпек.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Есіл өзенін балықтандыру жоспары толықтай орындалды. Бұл еліміздің су биоресурстарын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асырудағы маңызды қадам саналады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.