Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Авиациядағы кадр тапшылығы: ИКАО аймақтық сарапшылары Алматыда жиналды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 06 қараша, 2025 | 10:39
2 минут - оқу уақыты

Авиациядағы кадр тапшылығы: ИКАО аймақтық сарапшылары Алматыда жиналды

Қазақстан 2030 жылға дейін ұшақтардың 45% жаңартуды жоспарлап отыр

QazMonitor Logo
ҚР Көлік министрлігі
ҚР Көлік министрлігі

Алматыда ИКАО (EUR/NAT) аймақтық семинары өтіп жатыр. Онда отандық және шетелдік сарапшылар авиациялық оқыту сапасын арттыру және кадрлық ресурстарды тиімді жоспарлау мәселелері көтерді.

Аталған семинарға Германия, Дания, Латвия, Португалия, Ресей, Сингапур, Түркия, Өзбекстан, Чехия, Швеция, Оңтүстік Корея және басқа да елдерден сала мамандары, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, авиация саласының және оқу орталықтарының өкілдері жиналды.

ИКАО EUR/NAT аймақтық директоры Николас Раллоның айтуынша, форумның басты мақсаты сала көшбасшылары мен оқытушылар арасындағы кәсіби байланысты нығайту және кадрлық саясатты үйлестіру.

«Орталық Азияда үкімет, азаматтық авиация органдары, өнеркәсіппен және академиялық ортаның өкілдерімен кездескенде маңызды пікірлер естідім. Бұл пікірталастар авиация саласындағы кадрлық ресурстар мәселелерін бірлесіп, ынтымақтастық және ортақ міндеттеме арқылы шешуіміз керек деген сенімімді нығайтты», - деді Ралло.

Қазақстан тарапынан салтанатты ашылуда сөз сөйлеген ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев отандық авиацияның тұрақты дамуы үшін білім беру жүйесін еңбек нарығының сұранысымен сәйкестендірудің маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінгі күні білім беру бағдарламалары мен еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз ету ерекше маңызды. Жаңа буын мамандары заманауи авиацияның сын-қатерлеріне дайын болып, ұшу қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді енгізуге қабілетті болуы тиіс», деді вице-министр.

Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиеваның мәліметінше, биылғы жылдың 9 жолаушылар тасымалы 7,2%-ға артқан, ал соңғы үш жылда әуе кемелері паркі шамамен 15%-ға өсті. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті тағы 45%-ға арттыру жоспарланып отыр.

«Өнеркәсіптің қарқынды дамуымен авиация саласында кадрларға деген қажеттілік артып келеді. Осыған байланысты біз ИКАО-ның, соның ішінде NGAP бастамаларының маңызына ерекше назар аударамыз. Әсіресе жастар арасында кәсіби бағдар беру және авиация мамандықтарын насихаттау жұмыстарына айрықша көңіл бөлінуде», – деп атап өтті С. Томпиева.

Оның айтуынша, индустрияның өсуі мамандарға деген сұранысты күшейтіп отыр. Осыған байланысты Қазақстан ИКАО-ның NGAP бастамасына (Next Generation of Aviation Professionals) ерекше назар аударып, жастар арасында авиациялық мамандықтарды насихаттап жатыр.

Сонымен қатар семинарда авиациялық кадрларға деген сұранысты болжау жүйелері, оқыту бағдарламаларын нарық талаптарына бейімдеу және гендерлік теңдік пен жастардың қатысуын арттыру бағыттары және басқа да саладағы өзекті мәселелер талқыланды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.