Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. «Террикон алқабында» жылдың соңғы хакатоны өтеді
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 02 желтоқсан, 2025 | 13:59
1 минут - оқу уақыты

«Террикон алқабында» жылдың соңғы хакатоны өтеді

Жарыстың жүлде қоры – 1 млн теңгені құрайды

QazMonitor Logo
freepik
freepik

Қарағандыдағы «Террикон алқабы» IT-hub биылғы жылдың соңғы ірі технологиялық іс-шарасы – PromTechHackathon хакатонын өткізеді. 5–7 желтоқсан аралығында өтетін додаға тәжірибелі және жас әзірлеушілер, IT мамандығының студенттері, тестілеушілер мен веб-дизайнерлер қатыса алады.

Аталған хакатон командаларға өз жобаларын ұсынып, ақшалай жүлде жеңіп алуға мүмкіндік береді.

Қатысушыларға өнеркәсіптік диагностикаға арналған мониторинг жүйесі мен деректер базасын құру және су ресурстары мен гидротехникалық құрылыстарды талдайтын жасанды интеллект платформасын әзірлеу бойынша тапсырма беріледі.

«PromTechHackathon – сенің мүмкіндігің! Үш күн ішінде әр қатысушы өз стилін, жұмыс тәсілін және көзқарасын көрсете алады. Сенің прототипіңді шақырылған сарапшылар мен компаниялар бағалап, ондаған IT-мамандар арасынан шын мәнінде ерекшеленуге жол ашады», делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.

Айта кетейік, жарыстың жүлде қоры – 1 млн теңгені құрайды. Хакатон офлайн және онлайн форматта өтеді. Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.