Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстанда мүгедектік дәрежесін анықтауда ЖИ қолданылады
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 28 қараша, 2025 | 10:16
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда мүгедектік дәрежесін анықтауда ЖИ қолданылады

Әзірленіп жатқан модель мүгедектікті анықтауда адами факторды азайтады

QazMonitor Logo
 rawpixel.com / Freepik
rawpixel.com / Freepik

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу барысында қолданылатын жасанды интеллект моделін әзірлеп жатыр.

Министрлік мәліметінше, жасанды интеллект медициналық құжаттардан деректерді тану және құрылымдау жүйесі ретінде пайдаланылмақ. Бұл ұсынылған мәліметтердің толықтығын анықтау, диагноздарды еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесімен (ауру түрлерінің халықаралық жіктемесіне сәйкес) салыстыру, сондай-ақ қорытынды шешім бойынша ұсынымдар беру сияқты процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

«Бұл құралды енгізу рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, барлық кезеңдерде адами факторды жояды, мүгедектік тобын анықтау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады», деді ведомствода.

Қазіргі уақытта ЖИ моделін оқыту, электрондық құжаттарды ұсыну үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау, клиникалық диагнозды растайтын барлық емдеу-диагностикалық, зертханалық және аспаптық зерттеулерді цифрландыру және құрылымдалған түрде беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дайындық кезеңі аяқталғаннан кейін куәландырудың жаңа форматын пилоттық режімде апробациялау жоспарланып отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.