Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстанда IT саласындағы үздік әйел кәсіпкерлер анықталады
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 14 қараша, 2025 | 12:35
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда IT саласындағы үздік әйел кәсіпкерлер анықталады

Инновация мен технология әлемінің тәжі кімге бұйырады?

QazMonitor Logo
Astana Hub
Astana Hub

AstanaHub IT Queen 2025 байқауына өтінім қабылдауды бастады. Жоба IT бағытында өз стартапын дамытып жүрген әйел кәсіпкерлерді қолдауд көздейді.

Байқауға MVP-сі бар, оны сала мамандарының алдында таныстыруға дайын әйелдер қатыса алады. Бұл тәжірибе алмасуға, жобаны дамытуға және жаңа кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін алаң.

Байқау шарты бойынша, қатысушылар өз жобаларын питчинг форматында таныстырады. Қазылар алқасының қатарында кәсіпкерлік пен венчурлық инвестициялар саласының мамандары, табысты стартаптардың негізін қалаған әйелдер болады. Олар қатысушыларға жобаларын дамыту және жаңа нарықтарға шығу бойынша бағыт-бағдар береді. Жалпы жүлде қоры 600 000 теңге. Ұйымдастырушылар өтінімді 20 қарашаға дейін қабылдайді, байқау қорытындысы 28 қарашада Astana Hub-та өтеді.

Айта кетейік, бұған дейінгі бастамаларға 200-ден астам қатысушы, 15-тен аса команда қатысып, өз жобаларын сарапшыларға таныстырып, қолдау алған болатын.

Бүгінде Astana Hub-тың әйел кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған бастамалары табысты жобалардың танылуына септігін тигізді. Олардың қатарында Speak Up (сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға арналған AI-қосымша), TumarAI (әр саяхатты шабыт пен табыс көзіне айналдыратын платформа), Finder (фриланс жұмыс іздеу сервисі) және ZHANUYA JOLY (инклюзивті туризмге арналған AI-сервис) сияқты әлеуметтік маңызы жоғары жобалар бар.

Дереккөз: Astana Hub

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.