Astana IT University базасында Perplexity AI-дың ғылыми-зерттеу орталығы ашылады. Орталық жасанды интеллект, машиналық оқыту және цифрлық инновациялар бағытындағы заманауи зерттеулер мен тәжірибелерге арналған алаңға айналады.
Astana IT University мен әлемдегі ең инновациялық компаниялардың бірі – Perplexity AI арасындағы әріптестік жөніндегі келісімге қол қойды, орталық аталған келісім негізінде ашылады. Astana IT University келісімнің бастамашысы және үйлестірушісі ретінде халықаралық серіктестікті орнату мен дамытуда маңызды рөл атқарды.
«Ынтымақтастық аясында Perplexity Astana IT University-ді және еліміздің өзге де ғылыми ұйымдарын өздерінің бета-тестілеу бағдарламасына қосуды, сондай-ақ AITU базасында Perplexity зерттеу орталығын (R&D) ашу мүмкіндігін қарастырып отыр. Сонымен бірге, біз Perplexity технологияларын оқу бағдарламаларына, зерттеу жобалары мен зертханалық жұмыстарға енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жасанды интеллект саласындағы білім мен ғылымның жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді», - деді Astana IT University ректоры Альтаир Ахметов.
Бұл әріптестік Қазақстанға жасанды интеллект технологияларын кеңінен игеруге, сондай-ақ әлемдік инновациялық экожүйеде өз орнын нығайтуға жол ашады.