Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстан Web3 экожүйесін дамытуды жоспарлап отыр
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 08 қараша, 2025 | 11:48
1 минут - оқу уақыты

Қазақстан Web3 экожүйесін дамытуды жоспарлап отыр

Елдің блокчейн және Fintech әлеуетін арттырмақ

QazMonitor Logo
www.gov.kz

Қазақстан аймақтық цифрлық инновациялар орталығы ретіндегі позициясын нығайтып, Web3 экожүйесін дамытуды жоспарлап отыр. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Cointelegraph компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға (MoU) қол қойды.  

Әріптестік Қазақстанның блокчейн, Fintech және жасанды интеллект салаларындағы жетістіктеріне халықаралық қызығушылықты арттырып, мемлекет, бизнес және Web3 қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жол ашады.

Cointelegraph компаниясының жаһандық серіктестік жөніндегі жетекшісі Джеффри Миллиганның айтуынша, ынтымақтастық арқылы компания  дамушы елдердегі Web3 бағытының дамуын қолдауға дайын.

«Қазақстан ашық әрі инновациялық цифрлық экономиканы қалыптастыруда айтарлықтай жетістікке жетті. Осы әріптестік арқылы Cointelegraph халықаралық тәжірибесімен бөлісіп, медиа ынтымақтастықты күшейтуге және жергілікті инноваторларды жаһандық Web3 экожүйесімен байланыстыру арқылы елдің әрі қарай дамуына үлес қосуды көздейді», деді ол.

Меморандум мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдеріне арналған оқыту бағдарламалары мен шеберлік сабақтарын әзірлеу, бірлескен зерттеулер жүргізу, Қазақстанда Web3 және Fintech іс-шараларын ұйымдастыру сияқты кең ауқымды бағыттарды қамтиды. Бұл ғана емес серіктестік Қазақстанның цифрлық трансформациясы туралы сөз қозғайтын бірегей медиа болып, аналитикалық контент жасауды және оны Cointelegraph-тың жаһандық платформасында жариялауды көздейді.

Айта кетейік, Cointelegraph - блокчейн, криптовалюта және цифрлық технологиялар туралы мәлімет тарататын әлемдегі жетекші басылымдардың бірі. 2013 жылы құрылған бұл медиа Web3 әлеміндегі басты жаңалықтар мен үрдістерді, сондай-ақ инновация мен орталықтандырылмаған болашақты қалыптастырып жатқан тұлғалар жайлы материалдарды жариялайды. Бүгінде Cointelegraph компаниясының АҚШ, Еуропа және Азияда кеңселері бар, ал оның аудиториясы әлем бойынша миллиондаған оқырманды қамтиды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.