Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Қытайдың ежелгі қолөнер жауһарларының көрсемі өтеді
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 22 қазан, 2025 | 22:10
1 минут - оқу уақыты

Қытайдың ежелгі қолөнер жауһарларының көрсемі өтеді

Бұл көрме екі ел арасындағы мәдени алмасу дәстүрін жалғастырып келеді

QazMonitor Logo

2025 жылы 22 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Тяньцзинь музейі (ҚХР) қорынан «Өркениет іздері: ежелгі қытай қолданбалы өнерінің жауһарлары» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Экспозиция Қытайдың бай мәдени мұрасын айшықтайтын бірегей қолданбалы өнер туындыларын қамтиды. Көрермен назарына фарфор бұйымдарының асыл үлгілері, нәзік ою-өрнек өнері, дәстүрлі кесте тігу шеберлігі, сондай-ақ Тяньцзинь қаласының материалдық емес мәдени мұрасы ұсынылады. Әр жәдігер мыңжылдық тарихтың, көркемдік шеберліктің және рухани тереңдіктің көрінісі болып табылады.

Көрменің мақсаты қазақстандық көрерменді ежелгі қытай шеберлерінің даналығы және шығармашылығымен таныстыру, қытай халқының өнерге деген сүйіспеншілігін паш ету, сондай-ақ өркениеттер арасындағы мәдени диалог пен өзара түсіністікті нығайту.

Бұл көрме екі ел арасындағы мәдени алмасу дәстүрін жалғастырып келеді. Еске сала кетейік, 2024 жылы Тяньцзинь музейінде Қазақстанның Ұлттық музейі қорынан «Алтын адам және Ұлы дала» атты көрме ұйымдастырылып, қытай жұртшылығы тарапынан үлкен қызығушылық тудырған еді. Тяньцзинь музейінің Астанадағы жауап көрмесі «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы ынтымақтастықты тереңдетудің жарқын үлгісі болып табылады.

Көрме 2025 жылдың 25 қаңтарына дейін жалғасып, келушілерге Қытайдың ежелгі өнері мен өркениетінің рухани қазынасын танытатын 60-астам жәдігерді ұсынады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.