Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Қазақстанда қонақ үйлерге жұлдыз беру жүйесі жаңартылады
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 22 қараша, 2025 | 09:23
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда қонақ үйлерге жұлдыз беру жүйесі жаңартылады

Туристік саланы қолдау шаралары кеңейтіледі

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Туризм және спорт министрлігі орналастыру орындарын санаттау жүйесін жаңғыртпақ, тиісті түзетулер қазір Мәжілісте қаралып жатыр.

2008 жылы бекітілген қолданыстағы санат беру ережелері қазіргі заман талаптары мен халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді және жаңғыртуды қажет етеді.

«Жаңартылған жүйе қызмет сапасын жақсартуға, бағалау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге және қонақ үй индустриясының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған», деді ведомствода.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы қыркүйекте Қазақстанда 4 442 орналастыру нысаны тіркелген. Алайда олардың тек 112-сі ғана ресми түрде «жұлдыз» санатына ие.

«Мұндай төмен көрсеткіш апелляция механизмінің болмауымен, бағалау рәсімдерін жүйелі түрде қайта қарау тәжірибесінің жоқтығымен және талаптардың орындалуына бақылаудың әлсіздігімен байланысты. Сонымен бірге жұлдызды санатты өздігінен иелену тәжірибесі тұтынушыларды жаңылыстырып, салаға деген сенімді төмендетеді», деді министрлікте.

Жаңартылған санаттау жобасында Hotelstars Union халықаралық қағидаттарына бейімделген нақты бағалау өлшемдері енгізілген. Сондай-ақ Туризм және спорт министрлігінің өкілеттігін кеңейту, инспекторларды оқыту және мамандар даярлау қарастырылған.

Жаңа жүйені енгізу нәтижесінде: қонақ үй қызметтерінің сапасы артады;

келушілердің қанағаттану деңгейі жоғарылайды; Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымдылығы күшейеді; орналастыру нысандарының ресми санатқа қатысу үлесі ұлғаяды.

«Халықаралық тәжірибе мұндай тәсілдердің тиімділігін көрсетіп отыр. Мәселен, Германия, Аустрия, Греция, Жаңа Зеландия және өзге елдерде орналастыру орындарына санат беру салалық немесе ұлттық туристік ұйымдар арқылы жүргізіледі. Бұл бағалау рәсімдерінің ашықтығы мен бірізділігін қамтамасыз етеді», деді Туризм және спорт министрлігі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда туристік инфрақұрылымды дамыту және қызмет сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылып жатыр. Олардың қатарында тау шаңғысы курорттарына арналған техника мен жабдықты сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу, жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын салуды қолдау, туристік қызмет көрсетуге арналған автокөлік сатып алуды субсидиялау, туроператорлардың шығындарын және әуе билеттерінің құнын субсидиялау, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған қаражат қарастырылған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.