Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Qazaq Air Астанадан Қырғызстан мен Өзбекстанға ұша бастайды
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 23 қазан, 2025 | 04:19
1 минут - оқу уақыты

Qazaq Air Астанадан Қырғызстан мен Өзбекстанға ұша бастайды

Жаңа әуе бағыттар аймақтың іскерлік, туристік және мәдени байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін болады

Фото: Evgeny Matveev / Unsplash
Фото: Evgeny Matveev / Unsplash

Qazaq Air (Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы Астанадан Бішкек пен Самарқандтқа тікелей екі жаңа халықаралық бағыт ашуда. Орталық Азиядағы бағыттарын кеңейту бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың түркі елдері арасындағы байланыстарды дамыту арқылы туризмді, сауданы, білім беру мен мәдени ынтымақтастықты күшейту жөніндегі стратегиялық бастамасымен үндес келеді.

2025 жылғы 7 қарашадан бастап Астана Самарқанд Астана бағыты бойынша (аптасына 2 рет жұма және жексенбі), ал 10 қарашадан бастап Астана Бішкек Астана (аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі) бағыты бойынша тікелей рейстерді орындалады.

Астанадағы хаб арқылы әуе компаниясы жолаушыларға Бішкекке, Самарқандқа, Омбы мен Новосібірге, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлеріне ыңғайлы рейстерді ұсынады.

Жаңа әуе бағыттар аймақтың іскерлік, туристік және мәдени байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін болады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.