Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі жетекші инвестициялық бағыттардың бірі ретіндегі мәртебесін сақтап қала алды. ЮНКТАД деректеріне сәйкес, 2024 жылы теңізге шыға алмайтын елдерге арнап жарияланған 5 greenfield-жобаның төртеуі Қазақстанда жүзеге асты.
Қазақстанға келген тікелей шетелдік инвестиция көлемі $17,2 млрд-ты құрады, 45 жаңа жоба жүзеге асырылып, 6 200 жұмыс орны ашылды.
Инвестицияның негізгі бағыттары:
- тау-кен өндіру өнеркәсібі – $6,5 млрд, 
- өңдеу өнеркәсібі – $2,8 млрд,
- сауда – $5,3 млрд,
- кәсіби және ғылыми қызмет – $0,9 млрд.
Аса ірі инвесторлар: Ресей ($4,1 млрд), Нидерланды ($3,8 млрд), Оңтүстік Корея ($1,2 млрд), Бельгия ($1,2 млрд) және Қытай ($1,2 млрд).
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағыны $10,1 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға артық.
Үкімет инвестиция тарту, бизнесті дамыту және экономиканы демонополизация жасау жөніндегі бұл жұмыстарды жалғастыра беретін болады.