Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Елордалық оқушылар теміржол қауіпсіздігін арттыратын жоба ұсынды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 27 қазан, 2025 | 08:48
1 минут - оқу уақыты

Елордалық оқушылар теміржол қауіпсіздігін арттыратын жоба ұсынды

Дінмұхамед Матай мен Әмір Жәнібектің инновациялық әзірлемелері рельс тозуын азайтып, пайдалану шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді

Фото: ҚТЖ
Фото: ҚТЖ

Елордалық оқушылар Дінмұхамед Матай мен Әмір Жәнібек теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған «Теміржол рельстерін қосудың инновациялық технологиялары» жобасын ұсынды. Бұл туралы «ҚТЖ» компаниясында хабарлады.

11-сынып оқушылары рельстерді қосудың технологиясы бойынша төрт инновациялық ұсыныс жасады. Барлық шешімдер Қазақстан Республикасында патенттер алды және Женевадағы халықаралық тіркеуге берілді. Жоба Нью-Йорктегі халықаралық олимпиадада да ұсынылды.

Әзірлемелер шу деңгейін, рельстің тозуын және апаттылықты азайтуға бағытталған, сонымен қатар пайдалану шығындарын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.

Компания басшылығы инженерлік тәсілге оң баға беріп, жобаны дамытуға жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.

Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде ҚТЖ жобаны жетілдіру үшін қажетті материалдарды ұсынады, сондай-ақ Бурабай курортындағы рельс дәнекерлеу кәсіпорнына танысу сапарын ұйымдастырады. Кездесу аясында оқушылар ҚТЖ орталық мұражайына барды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.