Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытуға арналған жаңа Өнер орталығы ашылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өнер орталығында 36 түрлі үйірме жұмыс істейді. Олардың қатарында робототехника, ағылшын тілі, Ясауитану, би, қолөнер және өзге де бағыттар бар. Жалпы 1460 бала үйірмелерге қатысып, шығармашылық қабілеттерін дамытып келеді.
Бүгінде Түркістан қаласында 6 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Бүгін жаңа ғимаратқа ие болып отырған қос мекемемен қатар «Оқушылар сарайы», «Ақжайық» музыка мектебі, Балалар саз мектебі және «Қолөнер мектебі» де балаларды қосымша білім беруге қамтып, түрлі үйірмелерді жүргізіп келеді. Аталған білім беру мекемелеріндегі 60-тан астам үйірмеде 3429 бала қосымша білім берумен қамтылған. Сонымен қатар 50000-ға тарта оқушылар мектептегі үйірмелерге қатысады. Бұл қаладғы жалпы оқушылардың 85,7 пайызын құрайды.