Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Абай облысында игерілмеген 171,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 22 қараша, 2025 | 13:15
1 минут - оқу уақыты

Абай облысында игерілмеген 171,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Биыл 170 мың гектар жерді қайтару жоспарланған

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Абай облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары биыл ерекше қарқынмен жүргізіліп, жылдық жоспар толық әрі мерзімінен бұрын орындалды.

«2025 жылға бекітілген жоспар 170 мың гектар болса, жыл басынан бері облыс әкімдігінің ведомстволық жұмыс тобы 171,2 мың гектар жерді мемлекетке қайтарып, жоспарды 101% орындады», деді облыс әкімдігінде.

Мемлекет меншігіне қайтарылған 171,2 мың гектар жердің 151,5 мың гектары – жайылым, 10,7 мың гектары – егістік, 9,1 мың гектары – өзге санаттағы жерлер.

Әкімдік өңірде жүргізіліп жатқан бұл жұмыстың басты мақсаты – ауыл шаруашылығы айналымынан шығып қалған жерлерді қайтадан экономикалық айналымға енгізу, тиімділігін арттыру және жер ресурстарын басқаруға қатысты ашықтықты қамтамасыз ету екенін еске салды.

Қайтарылған жерлер алдағы уақытта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жаңа жобаларды іске асыруға және өңірдің аграрлық әлеуетін арттыруға пайдаланылатын болады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.