Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан Балтық порттары арқылы астық пен майлы дақылдар экспортының көлемін арттырмақшы
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 18 қараша, 2025 | 16:48
1 минут - оқу уақыты

Қазақстан Балтық порттары арқылы астық пен майлы дақылдар экспортының көлемін арттырмақшы

Бұл туралы Силламяэ және Мууга теңіз порттарының басшылығымен кездесуде сөз болды

QazMonitor Logo
mgt.ee
mgt.ee

2024-2025 маркетингтік жыл ішінде Балтық порттары арқылы 672 мың тонна қазақстандық астық экспортталды. Соның ішінде шамамен 116 мың тоннасы Силламяэ порты арқылы өтіп, Солтүстік Африка елдеріне жөнелтілді. Атап айтқанда, ұлттық астық операторы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰҚ» АҚ қазір де Эстония порттары арқылы Алжир сатып алушыларына астық жіберуді жалғастыруда. Сонымен қатар Ақмола облысының аграрлары өткен маусымда Muuga Grain Terminal арқылы Италия мен Бельгияға бидай экспорттады.

Силламяэ және Мууга теңіз порттарының басшылығымен кездесуде ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Балтық порттары тұрақты экспорттық бағыттарды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атады.

«Біз Эстониямен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және сіздердің елдеріңізді қазақстандық өнімді логистика, сақтау және жөнелту саласындағы стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз. Осы уақытқа дейін қолға алынған тасымалдар Эстония порттарының инфрақұрылымдық дайындығын көрсетіп, ынтымақтастықты кеңейту әлеуетінің зор екенін дәлелдеді», – деді ол.

Сондай-ақ ол Қазақстан Балтық порттары арқылы астық пен майлы дақылдар экспортының көлемін арттыруға мүдделі екеніне тоқталды.

Биыл қазақстандық диқандар 27 млн тонна рекордтық астық жинады, оның 20,3 млн тоннасы – бидай.

Эстония порттарына қолжетімділікті кеңейту экспорттық бағыттарды әртараптандыруға, сондай-ақ қазақстандық агроөнімнің Еуропа және Солтүстік Африка нарықтарына шығуына қосымша мүмкіндіктер ашады.

Кездесу нәтижесінде Эстония порттары мен «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» және «Кедентранссервис» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мәселесі талқыланды.

Дереккөз: ҚР АШМ

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.