Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. ШҚО-да глютенсіз өнім өндіретін жаңа цех ашылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 18 қараша, 2025 | 09:50
1 минут - оқу уақыты

ШҚО-да глютенсіз өнім өндіретін жаңа цех ашылды

Тәулігіне 2500 дана нан өнімдерін шығара алады

QazMonitor Logo
freepik
freepik

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында глютенсіз өнім өндіретін жаңа цех жұмысын бастады. Нан-тоқаш өнімдерін өндіретін цехте 15 адам жұмыс істейді.

Жеке кәсіпкер Полина Висмерге кәсібін бастауға «Ауыл аманаты» жобасы көмектескен. Жоба аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып бастаған. Кәсіпкер 9,23 млн теңге көлемінде несие алып, Қазақстан мен Ресейден арнайы жабдықтар сатып алған. Нәтижесінде глютенсіз нан-тоқаш өнімдерін өндіруге арналған жаңа цех толыққанды іске қосылды. Өндіріс қуаттылығы – сағатына 144 бөлке нанға дейін, ал тәулігіне 2500 дана өнім шығаруға мүмкіндік бар.

«Мен ұзақ уақыттан бері денсаулыққа пайдалы, глютенсіз өнім өндіруді қолға алуды ойлап жүрдім «Ауыл аманаты» жобасы арқылы бұл ой нақты іске асты. Қазір біздің цех толық қуатында жұмыс істеп тұр. Тұтынушыларға сапалы әрі табиғи өнім ұсыну – басты мақсатымыз», дейді кәсіпкер. 

Цехқа заманауи тестомесильная машина ТММ-330.02 орнатылған. Сонымен қатар конвекциялық пеш, тележкалар, алюминий табалар мен нан формалары толық жеткізіліп, іске қосылған. Өндірісте дәстүрлі нан түрлерімен қатар арнайы диеталық және глютенсіз өнімдер дайындалады.

Бүгінде кәсіпорында 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта жаңа өнім түрлерін шығарып өндіріс көлемін арттыру жоспарланып отыр.

Дереккөз: ШҚО әкімдігі

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.