Жаңа зертханалық кешен клиникаға дейінгі зерттеулердің толық циклін жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, еліміздің биомедицина саласындағы әлеуетін арттырмақ.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл нысан бұрын шетелде жүргізіліп келген зертханалық сынақтарды Қазақстанда өткізуге жол ашады. Оның нәтижесінде отандық және шетелдік фармацевтикалық компаниялар үшін қолайлы жағдай туындап, халықаралық инвестициялардың көлемі артуы мүмкін.
«Ғылыми биотехнологиялық орталық пен виварийді құру – Қазақстанды ірі ғылыми, медициналық, фармакологиялық орталық ретінде таныту үшін өте маңызды қадам. Бұл біздің аймақтағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін алғашқы орталық. Енді Қазақстанның ірі фармакомпанияларды тартуға және елімізді клиникалық, клиникаға дейінгі сынақтардың үлкен орталығы ретінде ұсынуға бірегей мүмкіндігі бар», — деп атап өтті министр.
Дереккөз: ҚР Үкіметі