Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Кәсіпорындардың дайын өніміне сұраныста бәсеңдеу бар
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 14 қараша, 2025 | 13:30
1 минут - оқу уақыты

Кәсіпорындардың дайын өніміне сұраныста бәсеңдеу бар

2025 жылдың 4-тоқсанында нақты секторда сұраныс артады деп болжанады

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Ұлттық банктің кәсіпорындарға жүргізілген мониторингтің нәтижесі биылғы жылдың 3- тоқсанында дайын өнім бағасының өсу қарқыны іс жүзінде өзгеріссіз қалғанын, ал шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны жеделдеткенін көрсеткен.

Орталық банк ұсынған есепке сәйкес, кәсіпорындарда өнім бағасының динамикасын өлшейтін диффузиялық индекс 59,6 болды. Салыстырар болсақ, бұл ол 2-тоқсанда 59,7 болған. 2025 жылғы 4-тоқсанда кәсіпорындар дайын өнім, шикізат пен материал бағасының өсу қарқыны бәсеңдейді деп күтеді. Кәсіпорындардың көпшілігі үшін дайын өнімнің бағасын белгілейтін ең маңызды фактор – шикізат, материал бағасы мен сұраныс екенін айтады. Шикізат мен материал бағасы біршама өсті, диффузиялық индекс –73,6 (2025 жылғы II тоқсанда – 73,1) болып отыр.

Кәсіпорындардың дайын өніміне деген сұраныс аздап бәсеңдеді, диффузиялық индекс – 50,2. 2025 жылғы 4-тоқсанда нақты сектордағы кәсіпорындардың күтулері бойынша сұраныстың өсу қарқыны жеделдейді.

Жалпы экономикада сатудың орташа рентабельділігі (пайызды, салықты және амортизацияны төлеу шығыстарын шегергенге дейін) 25,5%-ға (25,2%) дейін өсіп, тарихи орташа нормадан (23,2%) жоғары қалыптасып отыр.

Нақты сектор кәсіпорындарына жүргізілген сауалнаманың біріктірілген бағалауын білдіретін композиттік озыңқы индикатор нақты секторда экономикалық белсенділік бәсеңдегенін білдіреді.

III тоқсанда сауалнамаға 3 478 кәсіпорын қатысқан.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.