Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Агроөнеркәсіптегі терең өңдеу: меже – үздік ондыққа кіру
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 12 қараша, 2025 | 15:42
1 минут - оқу уақыты

Агроөнеркәсіптегі терең өңдеу: меже – үздік ондыққа кіру

Шикізат базасын қамтамасыз ету, инвестиция тарту және білікті кадрларды даярлау басты үш бағытта жұмыстар жүргізілуде

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазіргі уақытта Қазақстанда дәнді дақылдарды терең қайта өңдеумен айналысатын үш кәсіпорынның жұмысы жолға қойылған.

Атап айтқанда, Жетісу облысындағы жылына 150 мың тоннаға дейін жүгері өңдеп, крахмал, сірне, глюкоза-фруктоза шәрбаты және мал азығын өндіретін «Жаркент крахмал-сірне зауыты», Алматы облысындағы жылына 60 мың тонна жүгері өңдеп, крахмал, сірне және крахмал шәрбатын шығаратын «АзияАгроФуд», Солтүстік Қазақстан облысындағы жылына 300 мың тонна бидай өңдеп, крахмал, глютен, биоэтанол және мал азығын өндіретін «БиоОперейшн» кәсіпорындары.

Саланы ынталандыру мақсатында ҚҚС мөлшерін 70%-ға дейін төмендету; кәсіпорындарды құру және кеңейту кезінде инвесторлардың шығындарының 50%-ына дейін өтеу; негізгі және айналым қаражаттары бойынша несиелердің пайыздық мөлшерлемесін арзандату; айналым қаражатын жеңілдетілген шарттармен қаржыландыру секілді салықтық және қаржылық жеңілдіктер қарастырылған.

2028 жылға дейін дәнді дақылдарды терең қайта өңдеуді дамытуға бағытталған үш ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Олар «Fufeng Group Company Limited» (Жамбыл облысы) – жылына 1 млн тонна жүгері өңдеп, крахмал мен аминқышқылдарын өндіру; «Dalian Hesheng Holdings Group Co., Ltd» (Ақмола облысы) – жылына 1 млн тонна бидай өңдеп, глютамин қышқылы, лизин, треонин, полимол қышқылы және биопластик өндіру; «CITIC CONSTRUCTION CO. LTD» (Қостанай облысы) – жылына 1 млн тоннаға дейін астықты кезең-кезеңімен өңдеу. Өнімдері: фруктоза, клейковина, лимон қышқылы, лизин және т.б.

Аталған жобаларды іске асыру Қазақстанға терең қайта өңдеу өнімдерінің түрлерін айтарлықтай кеңейтуге, экспорттық әлеуетті арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: ҚР АШМ

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.